Тойхана иесі мен әкімшісіне

Бронь, төлем және дайындық — бір жерде

Тойханаға арналған CRM: зал күнтізбесі, депозиттер, мәзір есебі, шарт және әр отбасыға сайт-шақыру. Қанша қонақ келетінін растағаны броньда өзі көрінеді.

Күнделікті жұмыс

Әкімшіге не жеңілдейді

01

Бос уақытты бірден көріңіз

Күнтізбеде зал мен уақыт бойынша броньдар көрінеді. Бос емес слотқа екінші бронь қоюға жүйе жол бермейді.

02

Төлем мен қарызды бақылаңыз

Депозит, түскен төлемдер және қалған сома броньның ішінде сақталады.

03

Қонақ санын алдын ала біліңіз

Отбасы шақыру сілтемесін жібереді, қонақтар келетінін белгілейді — саны броньда көрінеді. Мәзір мен шарт есебі сол жерде.

Бірге іске қосамыз

Қалай бастаймыз

Тіркеліңіз

Бір минутта: тойхана атауы, телефон, құпиясөз. Алғашқы ай — тегін, карта байлаудың қажеті жоқ.

Залдар мен мәзірді баптаймыз

Қаласаңыз, мәліметтерді бірге енгізіп, бронь дәптеріңізден көшіреміз.

Ай бойы жұмыс істеңіз

Ұнаса — ыңғайлы тарифті таңдайсыз. Ұнамаса — ештеңе төлемейсіз.

Тарифтер

Алғашқы ай — тегін

Барлық тойханаға бірдей баға. Әр тарифте — барлық мүмкіндік, тек мерзімі ғана өзгеше. Ұзақ мерзімге алсаңыз — айы арзанырақ.

1 ай

19 900 ₸ / ай

Айлап төлейсіз, кез келген уақытта тоқтатасыз

  • CRM-нің барлық мүмкіндігі
  • Клиенттерге шақыру — тегін
Тегін бастау
Ең тиімді

1 жыл

179 000 ₸ / жыл

14 917 ₸ / ай −25%

  • CRM-нің барлық мүмкіндігі
  • Ең төмен айлық баға
Тегін бастау

Әр тарифте:

  • Күнтізбе, бір күнге екі бронь түспейді
  • Депозиттер, төлемдер мен қарыз
  • Мәзір калькуляторы және шарт
  • WhatsApp мәтіні дайын еске салулар
  • Әр клиентке сайт-шақыру
  • Дәптерден броньдарды көшіруге көмек

Алғашқы ай тегін — карта байламайсыз. Төлем Kaspi арқылы немесе ЖК/ЖШС үшін шот бойынша. Мерзім аяқталса, деректеріңіз сақталады.

Жиі қойылатын сұрақтар
Тетрадьпен қатар қолдана аламын ба?

Иә. Алдымен бірнеше броньды енгізіп, есепті салыстырыңыз. Жүйеге сенімді болғанда негізгі жұмысқа көшіңіз.

Тегін ай біткен соң не болады?

CRM ішінде тарифті таңдап, WhatsApp арқылы төлейсіз. Төлемесеңіз, 3 күннен кейін жүйе тек көру режиміне ауысады — бірде-бір бронь жоғалмайды.

Автоматты WhatsApp еске салуы бар ма?

Жоқ. Жүйе дайын мәтінді ашады, хабарды әкімші өзі жібереді.

Құпиясөзді ұмытсам ше?

Бізге WhatsApp-қа жазыңыз — нөміріңізді тексеріп, жаңа құпиясөз береміз.