Тойыңызға сайт-шақыру

Шақыру ғана емес — тойды ұйымдастыратын көмекші

Қонақтарға бір әдемі сілтеме жібересіз. Олар келетінін өздері белгілейді, ал сіз кабинетте нақты санды, тізімді, үстелдерді және тілектерді көресіз. Қазақша, орысша немесе екі тілде.

Тікелей көрсетілім

Қонақ жауап береді — сіз бірден көресіз

Қонақтың орнына атыңызды жазып, жауап жіберіп көріңіз — ол той иелерінің кабинетінде бірден пайда болады. Ал «Отырғызу» қойындысында үстелдерді бір басумен толтырыңыз.

Қарапайым үш қадам

Шақырудан қонақ жауабына дейін

Ақпаратты толтырыңыз

Той күнін, есімдерді, мәтінді және орынды енгізіңіз. Қаласаңыз фото мен музыка қосыңыз.

Алдын ала қарап шығыңыз

Қонақтарға қалай көрінетінін тексеріп, мәтін мен безендіруді өзгертіңіз. Бұл — тегін.

Сілтемені бөлісіңіз

Төлемнен кейін қонақтар жауап бере бастайды — кім келетіні кабинетте өзі жиналады.

Бір тойға арналған баға

Өзіңізге ыңғайлы жолды таңдаңыз

Кілтін тапсырамыз

Бәрін біз жасаймыз

14 900 ₸ / бір той

Уақытыңыз жоқ па? Есімдер мен күнді жіберсеңіз болды — қалғанын өзіміз дайындаймыз.

  • Өзіңіз жасайтын тарифтің бәрі
  • Екі тілдегі мәтінді біз жазамыз
  • Сурет, әуен, безендіруді таңдаймыз
  • Қонақтар тізімі мен отырғызуға көмек
Өзім жасап көру
Жиі қойылатын сұрақтар
Тойхана болмаса да жасай аламын ба?

Иә. Орынның мекенжайы мен картасын өзіңіз қосасыз — 2ГИС сілтемесімен, мекенжаймен немесе картадан. Егер тойхана Тойбастарды қолданса, шақыруды сол арқылы тегін сұраңыз.

Ақшалай сыйлық үшін Kaspi нөмірін көрсету міндетті ме?

Жоқ. Өзіңіз таңдайсыз: сыйлық бөлімін мүлде көрсетпеуге, Kaspi немесе басқа банк деректемесін қоюға, не «сыйлық қажет емес, келгеніңіз — ең үлкен сыйлық» деп жазуға болады.

Қонақтың жауабын кім көреді?

Жауап пен тілекті тек шақыру иесі — отбасы өз кабинетінде көреді. Тілектерді сайтта көрсету-көрсетпеуді өзіңіз шешесіз.

Қонақтар бір нәрсе орнатуы керек пе?

Жоқ. Шақыру — кәдімгі сайт: WhatsApp-тағы сілтемені басса болды, кез келген телефонда ашылады.

Төлем қалай жүреді?

Шақыруды тегін жасап, тексересіз. Дайын болғанда кабинетте «Төлеу және белсендіру» басып, бізге WhatsApp-қа жазасыз; Kaspi арқылы төлегеннен кейін қонақтар жауап бере алады.