Тойға арналған екі сервис

Бронь дәптері — өткен шақта. Әр той — бақылауда.

Күнтізбе, депозит, мәзір калькуляторы, шарт және еске салу — бір жерде. Ал клиентке сыйлық — қазақша және орысша сайт-шақыру: қонақтар келетінін өздері белгілейді, саны броньда бірден көрінеді.

Шақыру үлгісін көру →

CRMбронь, төлем және залдар
1 айтойханаға тегін
ҚАЗ / РУСшақыру екі тілде
Тойханаға

Дәптерде, WhatsApp-та және есте жүргеннің бәрі — енді осында

Әкімшінің телефонында жұмыс істейді. Қазақ және орыс тілдерінде.

📅

Күнтізбе

Залдар, түскі және кешкі уақыт. Жүйе бір уақытқа екі той қойғызбайды.

💰

Депозит пен қарыз

Кім алдын ала төледі, кім қанша қарыз — бірден көрінеді. Kaspi, қолма-қол, аударым.

🧮

Мәзір калькуляторы

Пакет × қонақ + қосымша қызмет + қызмет көрсету. Есеп клиентке WhatsApp-пен бір батырмамен кетеді.

📄

Бронь деректерінен шарт

Бронь деректері қазақша не орысша шартқа өзі түседі. Басып шығару немесе PDF.

🔔

Еске салу

Депозит, мәзірді бекіту, қонақ саны, қалған төлем — жүйе еске салып, WhatsApp мәтінін дайындайды.

💌

Клиентке сыйлық

Мекенжайыңыз бен картаңыз бар сайт-шақыру. Клиент риза, ал қонақтар тойханаңызды есте сақтайды.

Отбасына

Жай ашықхат емес — тойыңызға арналған толық сервис

Қонақтар келетінін өздері белгілейді — ал сіз нақты санды, тізімді, отырғызу мен тілектерді көресіз. Байқап көріңіз: қонақ ретінде жауап беріп, той иелерінің кабинетінде не пайда болатынын көріңіз.

Отбасыларға

Тойыңызға сайт-шақыру

Үйлену тойы, қыз ұзату, сүндет той, тұсаукесер, мерейтой — Шымкент пен Түркістан облысындағы кез келген залда. Шақыруды өзіңіз жасаңыз немесе безендіруді толықтай тапсырыңыз.

Өзіңіз жасайсыз

9 900 ₸ / бір той
бәрі ұнаған соң төлейсіз
  • Қазақша, орысша немесе екі тіл
  • 5 безендіру, конверт, өз әніңіз бен суретіңіз
  • Қонақтар жауабы, отырғызу, тілектер
  • Карта: 2ГИС сілтемесі, мекенжай немесе нүкте
  • 3 000 қонақ жазбасына дейін
Шақыру жасау
Кілтін тапсырамыз

Біз жасап береміз

14 900 ₸ / бір той
есімдер мен күнді жіберіңіз — қалғанын өзіміз жасаймыз
  • «Өзіңіз» тарифіндегінің бәрі
  • Екі тілдегі мәтінді біз жазамыз
  • Сурет, әуен, безендіруді таңдаймыз
  • Қонақтар тізімі мен отырғызуға көмектесеміз
Өзім жасап көру

Тойханаңыз арқылы

Тегін
тойханаңыз Тойбастарды қолданса
  • Күні, мекенжайы, картасы дайын
  • Тойхана қонақ санын бірден көреді
  • Қалғаны — «Өзіңіз» тарифіндегідей
Тойхананы қосу жолы

Шақыруды тегін жасап, тексеруге болады. Ұнаса — Kaspi арқылы төлейсіз, сосын қонақтар жауап бере алады.

Тойханаларға тариф

Алғашқы ай — тегін

Барлық тойханаға бірдей баға. Әр тарифте — барлық мүмкіндік, тек мерзімі өзгеше. Ұзағырақ алсаңыз — айы арзанырақ.

1 ай

19 900 ₸ / ай
айлап төлейсіз
  • CRM-нің барлық мүмкіндігі
  • Клиенттерге шақыру — тегін
  • Кез келген уақытта тоқтатуға болады
Тегін бастау
Жиі таңдалады

6 ай

99 000 ₸ / 6 ай
16 500 ₸ айына −17%
  • CRM-нің барлық мүмкіндігі
  • Той маусымына баға бекітіледі
  • Дәптердегі броньдарды көшіруге көмектесеміз
Тегін бастау
Ең тиімді

1 жыл

179 000 ₸ / жыл
14 917 ₸ айына −25%
  • CRM-нің барлық мүмкіндігі
  • Ең төмен айлық баға
  • Дәптердегі броньдарды көшіруге көмектесеміз
Тегін бастау

Алғашқы ай тегін — карта байламайсыз. Төлем Kaspi арқылы немесе ЖК/ЖШС үшін шот бойынша. Клиенттеріңізге сайт-шақыру кез келген тарифке кіреді.